Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ: Уақып саласын дамыту мәселесі талқыланды

09.06.2016 4527 0 пікір

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде «Уақып» ел игілігіне қызмет етуі керектігін айтып, осыған орай арнайы қор құру мәселесін қозғаған болатын.

Осы жиын барысында ҚМДБ-ның төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы «Уақып» мәселесіне терең талдау жұмыстарын жүргізуді ҚМДБ-ның жанындағы «Халал Даму» ЖШС-ның директоры Бейбіт Мырзагелдиевке тапсырды.

Осыған орай Алматы қаласында Бейбіт Мырзагелдиев уақып саласын жетік меңгерген Қуат Қабдолдамен кездесу өткізді. Кездесу барысында уақыптың еліміздегі ахуалы, алдағы уақытта жүргізілетін жалпы жұмыс жоспары талқыланды.

«Уақып – араб тілінде «сақтау», «шектеу», «тыйым салу» деген мағынаны білдіреді. Уақып қайырымдылық үшін берілетін, жылжитын және жылжымайтын мүліктің орны. Ал, діни мағынасы – бір мүлікті Алла жолына бағыштап, қайырымдылық жасау. Бүгінгі уақытта қайырымдылық пен әлеуметтік салада қызмет көрсетудің жаңа үлгілерін жаңғыртуымыз нұр үстіне нұр болары сөзсіз», – деді Бейбіт Мырзагелдиев.

ҚМДБ баспасөз қызметі

Muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру