Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешіттің жамағатымен жүздесіп, қасиетті Рамазан айымен құттықтады. Сондай-ақ, ораза ғибадатының маңыздылығын түсіндіріп, мейірім айында игі істерді атқару арқылы Жаратқанға жақындай түсуге шақырды.
Бас мүфти өзінің құттықтау сөзінде: «Алла Тағала пайғамбарымызды әлемге рақым ретінде жіберген. Яғни, Алла елшісінің негізгі миссиясы – Алланың мейірімі мен рақымдылығын адамдар арасында жаю. Пайғамбардан тәлім алған үмметі қоғамда жақсылықтың жаршысы болуы тиіс. Өзгеге тілімен де ісімен де залал тигізу мұсылманның қылығынан емес. Рамазан дұға айы. Сол себепті, елдегі тұрақтылық пен тыныштықты тілейік», - деді.
Сонымен қатар, жамағатпен бірге тарауық намазында құран хатымға қатысып, елдің амандығын тілеп дұға жасады.
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық
мешітінің Баспасөз қызметі



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
08.06.2016
4121
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру