Бүгін Астана қаласы Қазақстан мұсылмандар Діни Басқармасында "Жалпы және жастар ісі" бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлының басшылығымен қаламыздағы мұсылман əйелдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Аталмыш жиналыста Алтынбек Ұтысханұлы ҚМДБ-ның төрағасы Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасымен "Жалпы жəне Жастар ісі" бөлімнің жанынан "Əйелдер-қыздар" секторы ашылғандығын және сектор меңгерушісі Тілеген Ақбөпе Қанатқызының тағайындалғанын жеткізді.
Жиналған əйелдер қауымымен сектор меңгерушісі білікті ұстаз Ақбөпе Қанатқызы алдағы уақытта əйел-қыздар арасында жүргізілетін жалпы жұмыс жоспарын талқылады.
Жиынға қатысушы əйелдер қауымы кешегі Ақтөбе қаласында болған Рамазан айының алғашқы күнінде бүлік жасаушылардың лаңкестік іс-əрекетіне қарсы өз пікірлерін білдірді. Шынайы Исламмен дін атын жамылушылардың арасы тым алыс екендігін алға тартты. Сонымен қатар, мұндай іріткі салушы лаңкестік іс-əрекеттен барша əйелдер қауымын сақтандыру шараларын түсіндіру, бүгінгі бас қосудың басты мəселесі болып табылды.
Алла елімізді түрлі арандатушы топтардың тұзағынан сақтап, қасиетті Рамазан айында жақсылық жасап, мол сауапқа кенелуімізді нәсіп етсін! ЕЛІМІЗ АМАН, ЖҰРТЫМЫЗ ТЫНЫШ БОЛСЫН!
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.06.2016
4199
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру