Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

29 Сәуір 2026

12 Зулқағда 1447 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

«Нұр-Мүбарак» университетінің биылғы түлектеріне Бас мүфти бұйрығымен жұмысқа жолдама берілді (ФОТО)

04.06.2016 4048 0 пікір

Бүгін «Нұр-Мүбарак» университетіне ҚМДБ-ның  наиб мүфтиі Серік Ораз мырза  келіп биылғы түлектерге  болашақ жұмыс  орындарына сәйкес Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бұйрығын табыс етті.

Салтанатты шараны алғысөзімен ашқан университет  ректоры  профессор Жуда Басюни біршама білім туралы: «Қандай жағдай болса да кітапты тастамаңыздар. Білім жандарыңызге серік, имандарыңызға азық, құлшылықтарыңызға тірек»,- деп  насихат айтып өтті.

Наиб мүфти Серік қажы Ораз да өз сөзінде ғалым Жуда Басюнидің лебізін құптап өтіп:

- Қасиетті Құранда білім иелеріне , білімның артықшылығына қатысты аяттар, Пайғамбарымыздың (с.а.у.) хадистерінде де  жиі айтылады. Сондықтан  4 жылдық білім алу кезеңі артта қалды деп кітапты тастап қоймаңыздар. Сіздердің бұл жолды таңдауларыңыз Алланың қалауы. Сіздер нағыз асыл жолдасыздар. Дін жолындағы қызмет әуелі Алланың алдындағы аманат, мұсылмандық міндет, халық алдындағы игілікті қызметіңіз,- деп имамдық қызметтің маңыздылығына тоқталып өтті.

Наиб мүфтидің сөзінен кейін болашақ имамдарға ақ жол тілеген ҚМДБ-сы Шариғат және пәтуә бөлімі  меңгерушісінің орынбасары Сансызбай Құрбанұлы: «Біз Мысырдан  білім алып келгеннен кейін алыс ауылдарға барып қызмет еттік. Бірі ағаңа, бірі бауырыңа, әпке-қарындасыңа айналатын ауыл-аймақтағы ағайын сендерді де жат көрмейтініне сенемін. Сондықтан  ниеттеріңізді тураласаңыздар Алла жолында қызметіңіз де жемісті, білімге деген ниетіңіз де артатынына күмәнім жоқ»,-деп жас түлектерге өз сенімін білдірді.

Биыл «Нұр-Мүбарак» университетінің бакалавриат бөлімі бойынша исламтану мамандығын  130 шәкірт тәмамдаса, оның 85-і бүгін қолдарына бұйрықтарын алды. Жігіттермен қатар қыздар да өз өңірлеріне мешіттерге ұстаздық қызметке Бас мүфтидің бұйрығымен іске кіріспек.

Айша КЕҢЕСБАЙ

«Нұр-Мүбарак» университетінің баспасөз қызметі

 

 03 06 16buirik1

03 06 16buirik2

03 06 16buirik3

03 06 16buirik4

03 06 16buirik5

03 06 16buirik10

03 06 16buirik7

03 06 16buirik8

03 06 16buirik9

03 06 16buirik11

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру