Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Рамазан айы қарсаңында баспасөз мәслихатын өткізді.
Баспасөз мәслихатына ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Мұхаммед-Хұсейн Алсабеков, Алматы қаласының Бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет қатысты.
Журналистермен өткен басқосуда Бас мүфтидің рамазан айы қарсаңында халыққа Үндеуі, биылғы оразаның мерзімі, Рамазан айын анықтау, пітір садақасының мөлшерін анықтау мәселесі және оның үкімі, оразада атқарылатын айрықша қайырымдылық іс-шаралар, ораза ұстаушыға кеңестер, Қадір түні мен ораза айттың уақыты, т.б. мәселелер төңірегінде сұрақтар қойылып, жауап берілді.
«Рамазан – тақуалық пен береке айы. Барша отандастарымды қасиетті айда қайырымдылық жасауға үндеймін. Әр пенде сауапты амалымен, тақуалығымен Алланың алдында дәрежесі артады. Жомарт, жанашыр азаматтарды, кәсіпкерлерді көмекке мұқтаж адамдарға қамқорлық көрсетуге, мәселен, су тасқынынан үйсіз, шарасыз қалған отандастарымызға қайырымдылық жасауға, табиғи апат салдарынан бұзылған үйлерді жөндеуге қол ұшын беруге, жетім мен жесірге мейірімділік танытып, қараусыз қалған қарттарға көңіл бөлуге шақырамын», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.
![]()
![]()
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.06.2016
4156
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру