Кеден одағына мүше елдерінің арасындағы тауар айналымының 30%-ға жуығын «Халал» тағам өнімдері құрайды. Оның бір бөлігі Татарстаннан келіп жатыр. Осыған орай екі ел арасында сертификатталған халал өнімдерді тосқауылсыз экспортқа шығару және елімізге импорттау мүмкіндігін жасау үшін, Татарстан Мұсылмандары Діни Басқармасы орталықтандырылған «Халал» стандарттау комитетінің төрағасы Низамов Марат пен Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының жанындағы «Халал Даму» ЖШС-ның директоры Бейбіт Мырзагелдиев арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды.
Бұл меморандум негізінде тараптардың «Халал» саласын дамыту жолында бірлесіп күш жұмылдыру, кез-келген халал мәселелерде бір-біріне ықпал жасау, бірлесіп семинарлар, кездесулер ұйымдастыру, ғылыми жұмыстарды атқару, оқыту, білім жетілдіру семинарларын жүзеге асыру қарастырылған.
www.muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.06.2016
3877
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру