Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Иман» журналы - №6 саны (шолу)

02.06.2016 5367 0 пікір

Басылымның мамыр айындағы санында жарияланған материалдарды қысқаша таныстырайық. Журнал «Бас мүфти мінбері» айдарымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің «Рамазанның артықшылығы» деген мақаласымен ашылып, «Сұқбат» айдарымен «Қадір түнінің қасиеті» мақаласымен жалғасқан. «Пәтуә» айдарымен «Рамазан айын анықтау», «Тәпсір» айдарымен «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың ««Зілзәлә» сүресі», «Жадыңызда жүргей» айдарымен «Ораза жайлы хадистер», «Дастарқан мәзірі» айдарымен «Құрма – ауызашардың сәні» мен «Шөлден жеткен жеміс», «Сұрақ-жауап» айдарымен «Немен ауыз ашамыз?», «Фиқһ» айдарымен «Тарауих намазы неше рәкат?», «Шежіре» айдарымен «Ауызашардың тарихы», «Сүйсініс» айдарымен «Рахман дастарқаны», «Парыз» айдарымен «Еселеп сауап алыңыз», «Сүннет» айдарымен «Тарауих намазының дұғасы» мақалалары мақалалары жарық көрген.

Басылымда мұнан өзге де тартымды да тағылымы мол мынадай материалдар жарияланған. Атап айтқанда:

«Уәжіп» айдарымен «Айт мерекесі», «Таным» айдарымен «Ұлық айдағы айтулы оқиғалар», «Дәстүр» айдарымен «Жарамазан», «Ұлық күн» айдарымен «Әр жұма... мейрам!», «Уағыз» айдарымен «Ренжіме, ешкімді де ренжітпе!», «Өзекті» айдарымен «Имамға ұюшының қырағаты», «Ой салу» айдарымен «Бірлігі берік ел озар», «Сұқбат» айдарымен «Дін мамандарын дайындау жетістік!», «Әдеп» айдарымен «Сіз қалай сәлемдесесіз?», «Зерде» айдарымен «Діни терминдермен танысыңыз», «Тағылым» айдарымен «Абай - ғұлама», «Тарихи тағылым» айдарымен «Махмұт Қашқари», «Даналық» айдарымен «Жоғалған ақша... табылды», «Сөзіңе ісің сай ма?», «Өмірі өнеге» айдарымен «Фақиһ Фатима», «Шипа Алладан» айдарымен «Алма жейсіз бе?», «Ойласу» айдарымен «Түркі жазба тілін оқытудың маңызы», «Ғибрат» айдарымен «Арықтағыңыз келсе...», «Хикаяттар» айдарымен «Алдыңғы жақсылықтан соңғысы қайырлы», «Тамшыдай сауап», «Сіз білесіз бе?» айдарымен «Ғажайыпқа толы жаратылыс» деген танымдық материалдардың да өз оқырманын қызықтырары сөзсіз.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бірден-бір төл басылымы, ай сайын шығатын түрлі-түсті «Иман» журналына 2016 жылға жазылу әлі жүріп жатқанын қалың оқырманымыздың қаперіне саламыз. Индексі 75998. Басылым шыға бастағалы теңгенің бірнеше рет құнсызданып, не нәрсенің де әлденеше есе қымбаттай түскеніне қарамастан 15 жылдан бері жазылу бағасы бір деңгейде сақталуда. Өз мекен-жайыңыз бойынша жергілікті «Қазпошта» бөлімшесіне немесе жергілікті мешітке әр айдың 15-не дейін барып жазылсаңыз, келесі айдан бастап осы басылымның жаңа саны қолыңызға тиетін болады.

«Иман» журналына «Қазпошта» АҚ арқылы жазылу бағасы:

1. Алматы қаласы тұрғындары үшін 1 жылға – 3019 теңге 08 тиын;

2. Астана қаласы мен облыс орталықтарының  тұрғындары үшін 1 жылға – 3084 теңге 12 тиын;

3. Аудан және ауыл тұрғындары үшін 1 жылға – 3127 теңге 56 тиын.

Бір жылға толық жазылсаңыз басылымнан қол үзбейсіз.

Ал, мешіттер арқылы бір жылға жазылу бағасы 2 640 теңге. Мешіттер арқылы жазылушылар үшін журналдың пошталық тасымал шығынын басылым редакциясы өз міндетіне алады.

Құрметті оқырман, әлбетте, өзіңізге тиімдісін қалау еркіңізде. Жора-жолдастарыңыз бен көршілеріңізге де журналды таныстырып, жазылуына, сол арқылы ата-баба дінін тереңірек біле түсуіне себепші болыңыз.  

Оқырман есіне: Көпшілік орындарда ұжымдық жиындар мен басқа да іс-шаралар өткізерде онда «Иман» журналының алдағы шығатын кез келген санын сыйлық ретінде таратқысы келсе, әр айдың 15-не дейін редакцияға хабарласып, алдын ала тапсырыс беруіне болады. Есеп айырысу да, жазылу да, жарнама беру де мына төмендегі есепшот арқылы жүзеге асады: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

«Иман-Сенім»  ЖШС реквизиттері

БИН 120940011498

Р\С KZ 288560000005684077

АО «Банк Центр Кредит»

БИК  KCJBKZKX

KBE     17 

РНН  600900658515

050016,  Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 12

Бұл үшін басылым редакциясына мына телефондар арқылы алдын ала хабарласа аласыз:

8 (727) 397 63 84, 397 63 91,  +7 778 948 74 10

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру