Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазір

29 Сәуір 2026

12 Зулқағда 1447 Хижра

  ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР

НАИБ МҮФТИ РЕСЕЙ ШІРКЕУ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР БӨЛІМІНІҢ ДІНАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР БОЙЫНША ХАТШЫСЫМЕН КЕЗДЕСТІ

01.06.2016 3899 0 пікір

ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Наурызбай Тағанұлы Ресей шіркеу сыртқы байланыстар бөлімінің дінаралық қатынастар бойынша хатшысы, Дмитрий Сафоновпен кездесті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында өткен кездесуде Ресей шіркеу дінаралық кеңесінің атқарушы хатшысы Дмитрий Сафонов пен Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Нұрмағамбетұлы Шойкин мырзада болды. Діни басқармаға арнайы келген қонақтарды наиб мүфти Наурызбай Тағанұлы ыстық ықыласпен қабылдап елімізде дәстүрлі орыс православ шіркеу қызметкерлерімен ҚМДБ-ның байланысы жақсы екенін тілге тиек етті.

Кездесу барысында Дмитрий Сафонов Орыс Православ шіркеуінің басшысы Мәскеу және Бүкіл Ресей Патриахы Кириллдің сәлемін Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлына жеткізді. Сондай-ақ екі жақты байланысты күшейтіп, бірлесе жұмыс жасау мәселесі де талқыланды. Мәселен, дәстүрлі емес жат ағымдарға қарсы күрес, жастар арасындағы қылмыстардың алдын алу бағытында жұмыс, нашақорлық, түсік жасату, суррогат т.б.

Ол үшін арнайы конференциялар мен дөңгелек үстелдер өткізсек деген ұсыныстарын білдірді.

Наиб мүфти Наурызбай Тағанұлы Бүкіл Ресей Патриахы Кириллдің сәлемін және ұсыныстарын Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлына жеткізетіндігін айта келе Діни басқарма атынан естелік ретінде сыйлық тарту етті.

muftyat.kz



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру