
Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен қасиетті Рамазан айының құрметіне орай «Өнер қырандары» театрының «Берекелі мереке 2» атты рухани-патриоттық кеші өтті.
Әлем елдері қасиетті Рамазан айын қуанышпен қарсы алып, қимастықпен шығарып салады. Рухани кеште Рамазан айын ерекше ықыласпен қарсы алуға шақыру, үндеу мақсатында ұйымдастырылды.

Игі шараға Алматы қаласының бас имамы Нұрбек Есмағанбет қатысып, жиналған қауымды келе жатқан он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол Рамазан айымен құттықтады.
«Рамазан – Алланың мейірімі төгіліп, жұмақтың есігі айқара ашылатын, иманды күшейтуге мүмкіндік берілген берекелі ай. Бұл – Жаратушы Иеміздің ұлы сыйы әрі нығметі. Рухани кеш – қасиетті айдың осы ерекше нығметін халыққа жеткізу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Рамазан айының құрметіне орай өткелі отырған «Берекелі мереке» атты рухани кеш ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен 2-рет ұйымдастырып жатыр. Осындай игі шаралар еліміздің барлық өңірлерінде ұйымдастырылуда. Діни басқарма соңғы уақытта Рамазан айын ұлттық дәстүріміз бен болмысымызға сай тойлаудың өзіндік мәдениетін қалыптастырды. Ораза айт мерекесі кезінде мешіттерде ұлттық ойын түрлерінен түрлі шаралар ұйымдастыру дәстүрге айналды», – деді бас имам Нұрбек Есмағанбет.

Рухани кеште Дін мен дәстүріміз астасқан тағылымды қойылымдар мереке сәнін аша түсті. Рамазан айының қадір-қасиетін ұлықтайтын әуезді әндер айтылып, «Өнер қырандары» театрының жетекшісі Мадияр Серікбаев бастаған актерлер мұң мен қайғы арпалысқан жетімдердің өмірі мен ертеңгі күнін ойламаған бай-бақуатты кәсіпкердің тағдыры туралы қойылымдар ұсынды.
Кешке белгілі өнер жұлдыздары, атап айтқанда, «Заман» тобы, «Алашұлы» тобы, «Меломен» тобы, белгілі әнші Қанатбек Полатбек қатысып, мағыналы діни ән-жырларды орындады.
ҚМДБ баспасөз қызметі
































ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
31.05.2016
5918
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру