Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«БЕРЕКЕЛІ МЕРЕКЕ 2» атты рухани-патриоттық кешіне шақырамыз

27.05.2016 4811 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының құрметіне орай Алматы қаласында «Өнер қырандары» театрының «Берекелі мереке 2» атты рухани-патриоттық кеші өтеді.

Рухани кештің мақсаты - қасиетті Рамазан айы қарсаңында мұсылмандарды бес парыздардың бірі ораза құлшылығын өтеуге құлшындырып, халыққа насихат жасау. Бұл жаңа бағдарламада «Өнер қырандары» театрының орындауында Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) өмірінен үзінділер, қоғам руханияты мен салауатты өміріне кері әсерін тигізетін әлеуметтік мәселелерді тақырып етіп алған тағылымды театрландырылған қойылымдар орын алады. Сондай-ақ, рухани кеште діни әндер мен жырлар орындалып, уағыз айтылады.

Кешке көпке танымал өнер жұлдыздары қатысады. Атап айтқанда, белгілі әншілер Ерген Айтымбетов, Ринат Төре, Қанатбек Полатбек және «Алашұлы» тобы қатысады.

Айта кетейік, аталған жоба 2015 жылы ағаш рет Алматы қаласы, Студенттер сарайында көрермен назарына ұсынылып, олардың ыстық ықыласына бөленіп қана қоймай, «31» телеарнасының көрермендері тарапынан ең көп тамашаланған бағдарламалардың қатарына енген болатын.

Рухани кештің өтетін жері: Алматы қаласы, Республика сарайы, 30 мамыр күні сағат 19:00-де басталады.

Билеттер Алматы қалалық мешіттерінде сатылады. Концерттен түскен қаражат қайырымдылыққа жұмсалмақ.

Анықтама телефоны: +7 702 435 06 36, +7 771 466 62 78.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру