Бүгін Алматы қаласында өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мүфтияттың облыстардағы өкіл имамдарының Рамазан айына дайындық жұмыстары туралы есебін тыңдады.
«Қасиетті Рамазан айы – ізгі, игі амалдар маусымы. Бұл айда атқарылған әрбір сауапты амал еселеніп жазылады. Сондықтан осы уақытта біздің имам-молдалар барынша жамағатты ортақ мақсатқа біріктіретін іс-шараларды атқаруы тиіс», – деді ҚМДБ төрағасы.
Айта кетейік, Рамазан айы қарсаңында Бас мүфти өкіл имамдарға жергілікті аймақта оразаның құрметі үшін қайырымдылық шараларды, атап айтқанда, «Тегін такси», «Барыңмен бөліс», «Қайырымдылық – қайырлы іс», т.б. акцияларды ұйымдастыруды тапсырған болатын.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.05.2016
4135
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру