Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ДІНИ БАСҚАРМА ДЕЛЕГАЦИЯСЫ – АНКАРА МҮФТИЛІГІНДЕ (ФОТО)

23.05.2016 3718 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев бастаған ҚМДБ Бөлім басшылары Түркияға ресми сапары барысында Анкара мүфтилігінде болып, діни саладағы жұмыстарымен танысты.

Бүгінгі таңда тек Анкара қаласының өзінде 3 мыңға жуық мешіт қызмет етеді екен. Анкара мүфтилігі сол мешіттердің жұмысын бақылайды. Ғылыми дәрежесі бар имамдар ғана Бас имам қызметіне тағайындалады екен.

«Біз осы сапар барысында өзімізге көп тәжірибе алдық. Тәжірибе алмасу мақсатында келген сапарымыз жемісті болды. Бауырлас елден алған тәжірибемізді өз елімізде жүзеге асыратын боламыз», – деп атап өтті Ғылымбек Жәдігерұлы.

 

www.muftyat.kz


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру