Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазанда Ислам әлеміндегі ынтымақтастық пен экономика жөнінде саммит өтуде

20.05.2016 3816 0 пікір

Татарстанда «Казан Саммит 2016» деген атпен Ислам әлеміндегі ынтымақтастық және экономика жөнінде саммит басталды. Оның жұмысына арнайы Ислам Интымақтастық Ұйымына мүше елдер шақырылған.

Саммитке Әлемдік Халал Кеңесінің (WHC) президенті Шейх Зафер Наджар, Мұсылман елдерінің стандарттау және метрология Институтының (SMIIC) бас хатшысының көмекшісі Лотфи бен Саид, Татарстан Республикасының вице-премері, ауыл шаруашылық және азық-түлік министрі Ахметов М.Г., Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы «Халал Даму» ЖШС-ның директоры Бейбіт Мырзагелдиев, Татарстан Республикасының Діни басқармасының мүфтиі Самигуллин К.И., сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Ш.Р.Агеев және т.б. ұйымдар мен бірлестіктердің басшылары қатысуда.

Алқалы жиында Ислам әлеміндегі ынтымақтастық және экономикалық жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша нақты жоспарлар талқылануда.

Саммиттің алғашқы күнінде Халал мәселесі қозғалып, Халал өндіріс және қызмет көрсету, жаңа бағыт ретінде «Халал» стандарттарына сай медициналық туризмді дамыту, ақпараттық технологияның «Халал» секторына әсері мен рөлі, халықаралық стандарттардың және сертификаттаудың ерекшеліктері сыңайлы мәселелер қаралуда. Бұл саммиттің бұрынғылардан ерекшелігі - оған қатысушылардың алға қойған мақсатқа жетуге құлшыныстарының жоғарылығында болып отыр.

Елімізден арнайы барып қатысқан ҚМДБ қызметкері Бейбіт Мырзагелдиев қатысушыларға баяндама жасап, «Қазақстандағы Халал Индустрия» турасында баяндама жасады және Халал индустрияны нығайту жолында ынтымақтастық жасауға, бірлесіп ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізуге ұсыныс жасады.

Muftyat.kz


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру