Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Түркияға жасаған ресми сапары барысында Дін істері министрлігінің жұмысымен танысты.
Түркия Дін істері министрі, профессор Мехмет Гөрмездің ресми қабылдауынан кейін Бас мүфти министрліктің ғимаратын аралады. Мехмет Гөрмез ұжымның жұмысымен таныстырып, жоспарларымен бөлісті.
«Біз әрқашан бауырлас елмен діни салада әріптестік қарым-қатынасты нығайта түсуге және тәжірибе алмасуға дайынбыз. Бұл бағытта ортақ келісімдеріміз де бар. Алла қаласа, осы жылы Түркиядағы «Хасеки» академиясын 13 азаматымыз бітіреді. Имамдарымыздың тәжірибесін арттыруда Сіздер үлкен қолдау көрсетіп келесіздер. Өзімнің және Қазақстан мұсылмандары атынан үлкен алғысымды айтамын», – деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.05.2016
4440
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру