Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Ел қорғаған батырлар елеусіз қалмады

16.05.2016 3984 0 пікір

Мамыр айының 12 жұлдызында Қарағанды облыстық орталық мешіті және ҚМДБ-ға қарасты Зекет корпаративтік қорының ұйымдастыруымен 9 мамыр Жеңіс күні мейрамына арналған Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен жүздесу өтті. Ардагерлерге арнайы мешіт асханасында дастархан жайылып, Қарағанды облыстық филармонияның «Мерей» ансамблінің әншілері әсем әндерін шырқады. Жиналған соғыс ардагерлеріне Қарағанды облысының өкіл имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы жылы лебізін білдіріп, мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, арқа ақындары Айтбай Жұмағұлов пен Тілеген Әділов жырдан шашу шашып, ардагерлердің көңілін бір серпілтіп тастады. Жалпы жиынға Ұлы Отан соғысының 9 ардагері мен 16 тыл еңбеккерлері қатысты. Жүздесу соңында ақ сақалды ардагерлерге сый-сияпат көрсетілді. Ел қорғаған батырлар мешіт ұжымына алғыстарын айтып, баталарын берді.

Қарағанды облыстық орталық

мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру