Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев бастаған делегацияның Түркияға ресми сапары жалғасуда.
ҚМДБ қызмететкерлері Түркия дін істері министрлігі жанындағы Дін қызметі дирекциясының Бас директоры Яшар Жігіттің қабылдауында болып, бөлімнің жұмысымен танысты.
Бас директордың айтуынша, аталған дирекцияда 3 мың уағызшы жұмыс істейді. Зерттеулер бойынша, 18 млн. адам жұма уағызына барады екен.
«Біздің жұмысымыздағы басты бағыттардың бірі – әрбір жанұяға пайғамбар өмірі туралы ақпарат жеткізу, әрбір отбасына тура жол көрсету, сонымен қатар мүгедек, зағип жандарға да Исламды жеткізу. Біздің елде жанұясынан қиянат көріп, ажырасқан аналардың паналайтын үйлері бар. Сол үйлерде де уағыз-насихат жұмыстарын жүргіземіз. Түрмелерде 1000 имамыз жазасын өтеуші азаматтарға дәрістер жүргізеді», – деді Бас директор Яшар Жігіт.
Кездесу соңында екіжақты пікір алмасылып, Түркиядан шыққан діни мазмұндағы әдебиеттерді қазақшаға аудару, оны тарату мәселесі талқыланды. Сонымен қатар, имамдарды Түркияның жоғары діни тәжірибе алмасу курстарына жіберу туралы ұсыныс қолдау тапты.

ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.05.2016
3705
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру