Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жеңіс күні қарсаңындағы жүздесу

13.05.2016 3894 0 пікір

9 мамыр Жеңіс күні мейрамына байланысты, «Музаммиль» мешітіне, елді мекеніміздегі соғыс ардагерлерін, тыл еңбеккерлерін, ауған соғыс ардагерлерін арнайы жүздесі өтті.

Жиналған ардагерлерді бас имам Абдықұл Қадырұлы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Бұл шараға «Нұр Отан» партия мүшесі, Әуезов ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы, Әуезов ауданы бойынша ардагерлер төралқасының мүшесі, Алматы және Әуезов ауданының бірнеше мақтау хаттар иесі Дурсунов Мардали, «Достық» елді-мекені ақсақалдар кеңесінің мүшесі Калашиев Қожахмет қажы ағаларымыз қатысып, жиналған қаумға өздерінің ізгі-тілектерін білдірді.

Келген қонақтарға арнайы дастархан жайылып, сый-сияпат көрсетілді. Ардагерлер бұл шараға дән-риза болып, өз алғыстарын білдірді.

«Музаммиль» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру