Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жүлдесі үшін мешіт жамағаты арасында қазақша күрестен ІІІ республикалық турнирге қатысу үшін Атырау қаласында іріктеу өтті.

Атырау облыстық "Иманғали" орталық мешіті мамыр айының 6-і күні Геолог мөлтек ауданындағы спорт кешенінде мешіт жамағаттары арасында қазақша күрестен жарыс ұйымдастырды. Атырау облысының өкіл имамы, "Иманғали" орталық мешітінің бас имамы Батыржан Берденұлы Мансуров жарысты ресми түрде ашып, жарыстың ережесімен таныстырды. Жарыстың ашылу салтанатында өкіл имам Б.Берденұлы: «Бүгін Бас мүфти жүлдесі үшін өтетін республикалық турнирге облысымыздан іріктеу өтеді. Алғашқы үштікке кірген балуандар Алла бұйыртса мамыр айының 27-ші жұлдызы күні Астана қаласында өтетін жарысқа жіберілетін болады» деп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Турнир ережесіне сай 64-74 кг салмақтан жоғары балуандар ғана жарысқа қатысты. Жарысқа мешіт жамағаты арасынан 15 балуан тіркеліп, тартысты да, қызықты өткен жарыс барысында оза шапқан балуандар алғашқы үштікке таласты. Жарыс мәресіне жетіп, 1, 2, 3 орын алған балуандар арнайы сыйлықтармен марапатталды. Астана қаласына жолдама алған 64 келі салмақтағы балуандар:
1 орын Қоңқақов Береке - Жылыой ауданы
2 орын Саммиғуллаев Майдан - Атырау қаласы
3 орын Батанов Майдан - Атырау қаласы
74 келі салмақтағы балуандар:
1 орын Тулеушов Мәлік - Қызылқоға ауданы
2 орын Молдашев Біржан - Исатай ауданы
3 орын Багенов Дулат - Қызылқоға ауданы
"Иманғали" орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.05.2016
4109
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру