ҚМДБ-ның негізгі қызметтерінің бір бағыты – дәстүрлі емес діни ағымдармен күрес, оның алдын алу, тұрғындарды ақпараттандыру болып саналады.
Осы орайда, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің жылдық жоспарына сәйкес Қызылорда қаласындағы жалпы білім беретін оқу орындарында мешіт имамдарының, дінтанушылардың оқушылармен кездесуі ұйымдастырылды.
№1, 6, 9, 11, 23 мектептерде өткен кездесулерге орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің найб имамы Б.Улжаев, қалалық «Ыбрайым молда» мешітінің бас имамы А.Жұбанов, дінтанушы Ж.Дәрібаевтар қатысты.
Мектеп оқушыларына түрлі ағымдардан сақтану жолдары, хақ дін Ислам дінінің құндылықтары жайлы уағыз-насихаттар айтылды.
Өз кезегінде мектеп оқушылары мамандардан өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, пікір алмасты.
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.05.2016
4175
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру