Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Майдангерлер - «Қызылжар» мешітінде қонақта

12.05.2016 4253 0 пікір

Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер күн санап азайып барады. Солардың бір тобына «Қызылжар» орталық мешітінің бас имамы Кенжетай қажы Байкемелұлы Жеңіс мерекесінің 71 жылдығына орай жылдағы дәстүрмен ақ дастарқан жайды. Мереке сұрапыл жылдары қаза болған жауынгерлерге Құран оқудан басталды. Отырыс барысында әр соғыс ардагері зұлмат күндері бастарынан өткен қиыншылықтарды айтып берді.

Соғыс ардагерлерінің ерлігі бізге үлгі. Қазіргі бейбіт өмір - сол батыр ақсақалдардың ерілігінің арқасы. Кездесуге қатысқан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ескендір Елеусізов, міне осыны атап өрсетті. Соңында орталық мешіттің бас имамы мешіт меймандарына естелік сыйлық табыстады. Қонақтар мешіт ұжымына ризашылықтарын білдірді.

«Қызылжар» орталық мешітінің

Баспасөз қызметі


 


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру