ҚМДБ мамыр айында тұрмысы төмен отбасылардың хал жағдайымен танысу, оларға мүмкіндігінше көмектер ұйымдастыруды өкілдіктерге міндет еткен болатын.
Осы тапсырма Өскемен өңірінде тыңығылықты атқарылуда.
«Шемонаиха аудандық мешіті» «Отан қорғаушылар мерекесі» және «Жеңіс күні» қарсаңында аудан орталығында тұратын тұрмысы төмен 40 отбасыға азық түлік таратты.
«Діни басқарманың әрбір тапсырмасын орындау және мұқтаж жандарға шынайы көмек көрсету біздің парызымыз, тұрмысы төмен жандарды қолдап, олардың қуантуды әркез мақсат етіп келеміз» деп атап өтті, «Шемонаиха аудандық мешітінің» Бас имамы Ибраөим Еркінбайұлы.
Көмек алған отбасылар аудандық мешіт ұжымына алғыс білдірді.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.05.2016
4092
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру