Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас мүфти Алматы Орталық мешітінде жұма уағызын айтты (ФОТО)

29.04.2016 4081 0 пікір

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қасиетті жұма күні Алматы Орталық мешітінде жамағатпен жүздесіп, мінберде уағыз айтты.

Бас мүфти Ислам дініндегі бейбітшілік пен сабыр, тәуелсіздігіміз бен бірлігіміздің құндылығы жайлы сөз етті. Сонымен бірге, шынайы мұсылманның табиғатында озбырлық, біреуге күш көрсету секілді жаман қылықтар болмайтынын айтып, теріс әрекеттер иманның әлсіздігі мен білімсіздіктен болатынын қаперге салды. 

«Ислам - тек қана құлшылық діні емес, ол Отанды, елді сүюге, қоғамдық тәртіптерді сақтауға, қоршаған ортаға мейіріммен қарауға, адамдармен тату-тәтті жақсы қарым-қатынаста болуға үндейді. Тарихтан мысал келтірер болсақ, екінші халифа Омардың тұсында Ислам әлемі етек жайып, көптеген жерлер халифа билігіне қарайды. Сол жерлерді мекендеген түрлі ұлттар мен өзге дін өкілдерінің ешбіріне мұсылмандар тарапынан қысым жасалмай, тұрғындар бейбіт, еркін өмір сүрді. Міне, бұл Исламның – қоғамның басын біріктіретін мейірім діні екенін көрсетеді», – деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Бас мүфти жұма уағызынан соң, жұма намазына қатысты. Намаз соңында Құран оқылып, Бас мүфти отанымызға тыныштық, ата дінімізге күш-қуат, елімізге бейбіт те, мамыражай тіршілік тілеп бата жасады.

ҚМДБ баспасөз қызметі
muftyat.kz


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру