Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Наиб мүфти республикалық қайырымдылық телемарафонына қатысты

29.04.2016 4154 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Ораз «Қазақстан» ұлттық телеарнасынан тікелей эфирде өткен «Шын жүректен» атты қайырымдылық телемарафонына қатысып, мүфтияттың сауапты іс-шаралары туралы сұхбат берді.

Сонымен қатар акция аясында өткен бағдарламаға танымал тұлғалар, қайырымды жандар, кәсіпкерлер қатысты.

«Бүгінде Діни басқармада жүргізіліп жатқан 4 бағыттағы жұмыстардың бірі – қайырымдылық іс-шаралар. Біз бұл бағыттағы жұмыстарға үнемі басымдық беріп келеміз.

Пайғамбарымыз Мұхаммед бір хадисінде (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім мұқтаждың бұл дүниедегі уайым-қайғысын сейілтсе, Алла Тағала оның қияметтегі бір уайымын сейілтеді», – деген. Жуырда ғана Астана бойынша мешіттерімізден, қайырымды жандардың үлес қосуымен, «Зекет» қорының қолдауымен 14 тонна азық-түлік, тұрмыстық заттар, ең қажетті бұйымдарды Солтүстік Қазақстан облысында тасқын судан зардап шеккен тұрғындарға жеткіздік», – деді наиб мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы. 

muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру