Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасына орай ҚМДБ-ның Алматы қаласы бойынша өкіл имамы Нұрбек қажы Есмағанбет Хорватия Республикасының Загреб қаласында Хорватия мүфтиі Азиз Хасановичтің ұйымдастыруымен өтіп жатқан мұсылман қауымдастығының 100 жылдық мерейтойлық шараларына қатысты. Сапар барысында Нұрбек Әуесханұлы Загреб қаласының Ислам орталығында өткен «Еуропа мұсылмандары – олардың тарихи мұралары мен болашағы» атты конференцияда Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының ыстық сәлемін жеткізіп, сөз сөйледі.
Шараға сондай-ақ Еуропа елдеріндегі Ислам қауымдастықтарының жоғарғы дәрежедегі өкілдері, Хорватия ғұламаларының ақсақалы Хусейн Кавазович, Загреб қаласының мэрі Милан Бандич, Түркия елінің Бас мүфтиі қатысуда.
Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі




ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.04.2016
3758
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру