Басылымның мамыр айындағы санында жарияланған материалдарды қысқаша таныстырайық. Журнал «Бас мүфти мінбері» айдарымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің «Мақсат – иманды ұрпақ қалыптастыру» деген мақаласымен ашылған. «Уағыз» айдарымен Осман Нұри Топбаштың «Кісі ақысы жеушіге... жәһаннам!», «Тәпсір» айдарымен «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораздың «Ғадят сүресі», «Пәтуә» айдарымен «Азаматтық некенің үкімі», «Шариғат» айдарымен «Намаз уақыттарын білдіру», «Сахих хадистер» айдарымен «Өсек зинадан да ауыр күнә», «Білгенге маржан» айдарымен «Тіліңді ғайбаттан сақта!», «Һижра күнтізбесі» айдарымен «Шағбан айы», «Жадыңызда жүргей» айдарымен «Аз ұйықтаңыз», «Сұқбат» айдарымен «Зекет» қорының директоры Әлішер Спановпен «Байлықтың берекесі – зекетін беру» деген сұқбат, «Ғибадат» айдарымен Алматы Орталық мешітінің ұстазы Әсет Сәметұлының «Алланың сүйген құлдары» мақалалары жарық көрген.
Басылымда мұнан өзге де тартымды да тағылымы мол мынадай материалдар жарияланған. Атап айтқанда:
«Сұрақ-жауап» айдарымен «Сопылар мен таблиғшылар кімдер?», «Даналық» айдарымен «Абай... алып піл еді», «Жауһар жыр» айдарымен «Жәннатты аңсау», «Адаспа, ағайын» айдарымен «Тағұт елі емеспіз», «Фиқһ» айдарымен «Көп әйел алу... дінімізде рұқсат етілген», «Сүйсініс» айдарымен «Жәннаттың қақпалары», «Зерде» айдарымен «Діни терминдермен танысыңыз», «Сүннет» айдарымен «Сүннеттелудің пайдасы», «Ойласу» айдарымен «Сіз мейірімдісіз бе?», «Таным» айдарымен «Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы», «Салт-дәстүр» айдарымен «Құдалықтың түрлері», «Абайла да сақтан» айдарымен «Ұялы телефонның зияны көп», «Кеңес» айдарымен «Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?», «Шипа Алладан» айдарымен «Ауырғанда оқылатын дұға», «Ой салу» айдарымен «Пәниден иманмен өтсек...», «Баспасөзден: сараптама» айдарымен «Кока-кола – қатерлі сусын», «Дертке дауа» айдарымен «Құрма жеңіз», «Шәй ішіңіз» деген танымдық материалдардың да өз оқырманын қызықтырары сөзсіз.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бірден-бір төл басылымы, ай сайын шығатын түрлі-түсті «Иман» журналына 2016 жылға жазылу әлі жүріп жатқанын қалың оқырманымыздың қаперіне саламыз. Индексі 75998. Басылым шыға бастағалы теңгенің бірнеше рет құнсызданып, не нәрсенің де әлденеше есе қымбаттай түскеніне қарамастан 15 жылдан бері жазылу бағасы бір деңгейде сақталуда. Өз мекен-жайыңыз бойынша жергілікті «Қазпошта» бөлімшесіне немесе жергілікті мешітке әр айдың 15-не дейін барып жазылсаңыз, келесі айдан бастап осы басылымның жаңа саны қолыңызға тиетін болады.
«Иман» журналына «Қазпошта» АҚ арқылы жазылу бағасы:
1. Алматы қаласы тұрғындары үшін 1 жылға – 3019 теңге 08 тиын;
2. Астана қаласы мен облыс орталықтарының тұрғындары үшін 1 жылға – 3084 теңге 12 тиын;
3. Аудан және ауыл тұрғындары үшін 1 жылға – 3127 теңге 56 тиын.
Бір жылға толық жазылсаңыз басылымнан қол үзбейсіз.
Ал, мешіттер арқылы бір жылға жазылу бағасы 2 640 теңге. Мешіттер арқылы жазылушылар үшін журналдың пошталық тасымал шығынын басылым редакциясы өз міндетіне алады.
Құрметті оқырман, әлбетте, өзіңізге тиімдісін қалау еркіңізде. Жора-жолдастарыңыз бен көршілеріңізге де журналды таныстырып, жазылуына, сол арқылы ата-баба дінін тереңірек біле түсуіне себепші болыңыз.
Оқырман есіне: Көпшілік орындарда ұжымдық жиындар мен басқа да іс-шаралар өткізерде онда «Иман» журналының алдағы шығатын кез келген санын сыйлық ретінде таратқысы келсе, әр айдың 10-на дейін редакцияға хабарласып, алдын ала тапсырыс беруіне болады. Есеп айырысу да, жазылу да, жарнама беру де мына төмендегі есепшот арқылы жүзеге асады: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
«Иман-Сенім» ЖШС реквизиттері
БИН 120940011498
Р\С KZ 288560000005684077
АО «Банк Центр Кредит»
БИК KCJBKZKX
KBE 17
РНН 600900658515
050016, Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 12
Бұл үшін басылым редакциясына мына телефондар арқылы алдын ала хабарласа аласыз:
8 (727) 397 63 84, 397 63 91, +7 778 948 74 10
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.04.2016
3838
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру