Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Семей аймағына ресми іс-сапары барысында Семей аймағына қарасты Үржар ауданы Мақаншы ауылдық орталық мешітінде жамағатпен жүздесті.
Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Семей аймағына қарасты Үржар ауданы Мақаншы ауылдық орталық мешітінде Ұлан Нұрмұхаммедұлын Бас имамдық қызметіне тағайындады. Мақаншы ауылында жиырма жыл бас имам болып, асыл дініміздің көркейуіне үлес қосқан Төкенбаев Серікханды істеген қызметіне алғыс білдіріп, дәстүр бойынша иығына шапан жапты. Жаңадан тағайындалған Ұлан Нұрмұхаммедұлына алдағы қызметіне табыс тіледі.
Қасиетті жұма күннің құлшылығына жиналған жамағат Бас мүфтидің Тәубенің артықшылығы турасындағы уағызын тыңдады. Бас мүфти жұмадағы жүздесуде жамағаттың сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасты. Мақаншы ауылының жамағаттарына бейбіт өмір тілеп, дінді өркендету жолында аянбай еңбек етуге шақырды.
Жұма намазынан соң Құран оқылып, Бас мүфти бата берді.
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.04.2016
5071
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру