Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ төраға орынбасары қарилар мектебінде

21.04.2016 4542 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Серікбай қажы Ораз өзінің Ақмола облысындағы сапары кезінде жаңадан аты берілген бір ғасырлық тарихы бар Жақия қажы мешіті жанындағы болашақ қарилар мектебінің жайымен жан-жақты танысты. Қазір мешіт жанындағы ғимарат діни сауат ашып, Құранға үйрететін білім ордасына айналдырылмақ. Бұл жөнінде Ақмола облысының бас имамы Қанат Қыдырмин жан-жақты әңгімелеп берді.

Қарилар мектебі отыз орынға арналған. Шәкірттер осында тұрып оқитын болады. Әзірге отызға тарта бала қасиетті Құранды үйреніп, жаттай алады. Үш мезгіл тамақтандыру мәселесі де шешімін таппақшы. Оған мешіт жанында халал асхананың ашылуы да айқын мысал бола алады.

Наиб мүфти бұл білім ордасының дайындық жайымен таныса келе жер-жерде осындай сауат ашатын орындарды көбірек ашуға көңіл бөлу аса қажет екенін де атап өтті. Жас ұрпақты сәби жасынан діни білімге талпындырғанның маңызы зор. Енді бірсыдырғы уақыттан кейін Көкше елінде тағы бір діни оқу орны есігін айқара ашпақ. Бұл да дініміздің өркен жайып келе жатқанын көрсетсе керек.

Бақыт Смағұл,
Ақмола облысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру