Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Наиб мүфти жаңа мешіт имамдарына жаңа міндеттер жүктеді (ФОТО)

21.04.2016 4068 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары Серікбай қажы Ораз Ақмола облысына жасаған ресми сапары аясында Көкшетау қаласының орталығында бой көтерген «Науан хазрет» атындағы мешіттің жұмысымен танысты.

Наиб мүфти жаңа мешіттің жанынан ашылған телерадио студиясының жұмысымен танысып, дәрісханаларды аралады. Неке залында болып, діни рәсімдердің орындалу барысын көрді. ҚМДБ-ның Ақмола облысы бойынша өкіл имамы Қанат Қыдырмин наиб мүфтиге «Зекет» қорының аймақтағы атқарған жұмыстары жайлы баяндады. Мешіттің тыныс-тіршілігімен танысып, атқарылып жатқан жұмыстар барысын көрген Серікбай қажы Сатыбалдыұлы дін қызметкерлеріне жаңа міндеттер жүктеді.

«Қазір мемлекетіміздің қамқорлығымен Діни басқарма көптеген игі іс-шараларды жүзеге асырып келеді. Діни білім саласында оң өзгерістер болып жатқанын көріп отырсыздар. Халқымыздың да діни сауаты күн сайын артып келеді. Демек, имамдар да қазіргі заман талабына сай қызмет ете білуі тиіс. Имам – тек дін қызметкері ғана емес, ол – ұстаз, қоғамды тәрбиелеуші тұлға, психолог, рухани басшы», – деді наиб мүфти мешіт ұжымына. 

muftyat.kz


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру