Алматы қаласында Республикалық қан орталығының сұранысына сәйкес Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкерлері, Алматы орталық мешітінің имамдары мен жамағаттары қан тапсырды.
Игі шараны Діни басқарма Алматы қалалық қан орталығымен бірлесе отырып үстіміздегі жылдың сәуір-мамыр айларында «Бауырыңа өмір сыйла!» деген атпен қала мешіттерінде жалғастыратын болады.
Қайырымдылық акциясына арнайы келіп қан тапсырған ҚМДБ мешіт істері бөлімінің басшысы Жәнділлә Бекжігітов мақсат қала халқы мен мешіт жамағатының қанға мұқтаж адамдарға қол ұшын беруіне ұйытқы болу екенін айтты.
«Акция қайырымдылық мақсатында, мұқтаж жандарға көмек қолын созу үшін өтуде. Бұл шараға қала мешіттерінің имамдары мен жамағаттар қатысуда. Қан тапсыру – шариғат үкімі бойынша Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) жақсы амалдарының бірі. Сонымен бірге, денсаулыққа тигізер пайдасыда зор», – деді Жәнділлә Бекжігітов.
Сондай-ақ, игі шараға Алматы қаласының бас имамы Нұрбек Есмағанбет қатысып, иманды жандардың мешіттерде қан тапсыруы дәтүрлі түрде жалғасып келе жатқанын жеткізді.
Алматы орталық мешітінде 100-ден астам адам қайырымдылық ретінде қан тапсыруға ниет білдіріп, оның ішінде дәрігерлердің рұқсатын алған 85 адам 40 литрге жуық қан тапсырды.
Алдағы уақытта қан тапсыру шарасы Алматы қаласының мешіттерінде жалғасын табады. Атап айтқанда:
Іс-шараны өткізетін мешіттер және күндері:
1-Орбита-3 мешіті, 22 сәуір, жұма күні.
2-Төле би мешіті, 29 сәуір, жұма күні.
3-Ақсай мешіті, 6 мамыр, жұма күні.
4-Әл-Мәдина мешіті, 13 мамыр, жұма күні.
5-Бекет ата мешіті, 20 мамыр, жұма күні.
Акциясының өтетін уақыты 10.00-16.00 аралығы. Мүмкіндігі бар барша қала тұрғындарын осы игі шараға қатысуға шақырамыз.
muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
16.04.2016
4640
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру