Түркия Республикасына жұмыс сапармен келген ҚМДБ бөлім басшысы Бақтыбай Қыдырбайұлы Стамбул қаласындағы Зейтунбурыны ауданындағы қазақ диаспорасының өкілдерімен кездесті. Түркиядағы зиялы ағалармен кездесу барысында бөлім басшысы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жұмыстарымен таныстыра келе, 2015 жылы қабылданған құжаттар мен атқарылған іс шаралардың бейне таспасын тарту етті.
Түркиядағы қазақ диаспорасы 1991 жылдан бері Қазақстан Республикасы азаматтарының діни білім алуына және қазақ тіліндегі діни ағартушылық кітаптардың жарыққа шығуына қолдау көрсетіп келеді. Диаспора “Қожа Ахмет Ясауи” атындағы білім және парасат уақып қорын ұйымдастырып, бұл қордың Қазақстандағы өкілдігі Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қарғалы елді мекенінде орналасқан “Үшқоңыр” медресесінің қыздар бөлімінің толық шығындарын өз мойындарына алған. Бөлім меңгерушісі ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің атынан аталмыш қор басшылары Иляс Саха мен Қазақстандағы қордың өкілі Ахмет Закай мырзаларға алғыс хат табыстады.
Қор басшыларымен бірге Бақтыбай Бейсенбаев Түркиядағы қазақтар көп қоныстанған Гунешли махалласындағы Қазақ Алтай мешітінің құрылысына жақыннан көмектескен Багжылар аудан акімі Лоқман Чағрыжы мырзаның қабылдауында болды. Лоқман Чағрыжы мырза “Қожа Ахмет Ясауи” атындағы білім және парасат уақып қорымен бірге Рамазан айында Алматы қаласында он жылдан бері мыңға жуық адамға жыл сайын ауыз ашар беріп келеді. Биыл Астана қаласында ауыз ашар ұйымдастыруға ниетті екен. Дін жанашыры, қазақ диаспорасының қамқоршысы акім мырзаға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы атынан ҚМДБ-ның естелік сыйы тарту етілді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.04.2016
4370
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру