Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бөлім басшылары Оңтүстік Қазақстан облысының имам-молдаларына дәріс жүргізді.
Атап айтқанда, Бақтыбай Бейсенбаев (Діни білім және ғылым бөлімі), Бейбіт Мырзагелдиев (Халал стандарттау бөлімі), Алтынбек Ұтысхан (Жалпы және жастар бөлімі), Ағабек Қонарбайұлы (Баспасөз бөлімі) өз саласы бойынша дін қызметкерлеріне бағыт-бағдар беріп, тренинг жүргізді.
Семинарға ОҚО өкіл имамының орынбасары Мұхамеджан Естеміров модераторлық етті. Тренинг барысында имамдар көкейінде жүрген сауалдарына жауап алды.
Дәрісті ұйымдастырудағы мақсат – имам-молдалардың білімін жан-жақты дамыту, бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жүргізу жолдарын үйрету, ҚМДБ құрылымымен жан-жақты таныстыру, халал стандарттау саласындағы тың бастамаларды баяндау.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
30.03.2016
4350
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру