Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің он бірінші отырысы басталды

30.03.2016 4321 0 пікір

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар Кеңесінің көшпелі он бірінші отырысы басталды.

Кеңес жұмысының ашылу рәсімінде сөз алған ҚМДБ төрағасы Ержан Маямеров Діни басқарманың діни мәселелер бойынша беріп келе жатқан пәтуалары қоғамда айрықша рөлге ие бола бастағанын жеткізді.

Ғұламалар Кеңесінің хатшысы Ершат Оңғаров Кеңестің күн тәртібімен таныстырып, талқыланатын тақырыптар мен пәтуалар тақырыптарымен таныстырды.

Бүгін осымен он бірінші рет өтіп жатқан басқосуда төмендегідей тақырыптар төңірегінде пікір айтылып, пәтуа беріледі:

- «Жаназа» кітабын талқылау және оны баспаға ұсыну;

- «Дін мен дәстүр» атты ІІ кітапты талқылап, баспаға ұсыну;

- «Азаматтық некенің шариғи үкімі» пәтуасын талқылап, қабылдау;

- «Жаназада жасалатын үрдістер үкімі» пәтуасын талқылап, қабылдау;

- «Кесене тұрғызудың үкімі» пәтуасын талқылап, қабылдау, т.б.        

muftyat.kz


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру