Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Оңтүстік Қазақстан облысының Орталық мешітінде Алла үйінің ауласын көгалдандыру шарасына қатысты. Бас мүфтимен бірге облыс әкімінің орынбасары Ербол Әбілхайырұлы да мешіт ауласына ағаш көшетін отырғызды.
«Бүгінгі таңда Діни басқарма барлық мешіттерді көгалдандыру шарасын қолға алды. Бұған дейін республикалық деңгейде «Көрікті мешіт» деген атаумен мешіттер арасында байқау өткіздік. Мақсатымыз – мешіттеріміздің ауласын көгалдандырып, салауатты өмір салтын наихаттау», – деді Бас мүфти.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.03.2016
4697
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру