Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Оңтүстік Қазақстан облысында басталған республикалық имамдар семинарына қатысып, қала және аудан имамдарына дәріс берді.
Семинарға облыс әкімінің орынбасары Ербол Әбілхайырұлы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев, ҚМДБ бөлім меңгерушілері, Ғұламалар Кеңесінің мүшелері, т.б. дінтанушы ғалымдар қатысты.
Облыс әкімінің орынбасары Е.Әбілхайырұлы өңірдегі діни саладағы жұмыстар туралы баяндап, оқу-ағарту бағытындағы жоспарларымен бөлісті.
«Дін және тарих тағылымы» жылы аясында өткен семинарда Бас мүфти ауыл имам-молдаларына діни саладағы қызметі үшін алғыс айтты.
«Расында біздің тарихымыздан алатын өнеге, ғибрат мол. Кешегі қазақ хандығы тұсында да дін қайраткерлері халықтың имандылығы, бірлігі мен игілігі жолында қызмет етіп, қоғамда ықпалды тұлғаға айналды. Сол кешегі діндар бабаларымыздың бүгінгі ұрпағы – ол сіздер мен біз. «Дін мен тарих тағылымы» жылына орай өтіп жатқан семинарда сіздерге ғалымдарымыз пайдалы дәріс жүргізеді. Семинардан алған сабақты жамағатқа жеткізіп, уағыз-насихат жұмыстарында да тарихтан тағылым алуға шақырыңыздар. Өйткені, жамағаттың діни және зайырлы білімін арттыру – баршамызға жүктелген асыл міндет деп санаймын», – деді Ержан қажы Малғажыұлы.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.03.2016
4202
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру