Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас Мүфти Нұр-Мүбарак университетінің жаңа ғимарат жобаларымен танысты

16.03.2016 4396 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мен университет ректоры доктор, профессор Жуда Абдулғани Басюни мырза Нұр-Мүбарак университетінің даму жоспары жайлы өзара талқылады.

Осы кезге дейін 900-дей маман даярлаған Нұр-Мүбарак университетінде қазір бакалавриат, магистратура, докторантура бөлімдерінде 825 шәкірт білім алуда.

Болашақта университеттегі бөлім-факультеттер санын арттыру мәселесі де жан-жақты қарастырылуда. Сондықтан университет үшін жаңа ғимарат, жатақхана, спорт алаңдарын салу жағдайлары маңызды.

Осындай жоспарларға сәйкес университет қалашығының бірнеше жобасы жасалып, Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлы мен ректор Жуда Басюни мырзалар жаңа жобаларды салыстырып, өзара талқылады.

Айша КЕҢЕСБАЙ
Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру