Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы «Қазақстан - 2030» қазақ-түрік жастарын қолдау қоғамдық қорының Бас директоры Махмұт Хаккы Сезер мен Мұратбек Маткаримовті қабылдады.
Кездесу барысында Махмұт Хаккы Сезер асыл дініміз Исламның өркендеуіне қордың қосып жатқан сүбелі үлесі тілге тиек еттіп, алдағы уақытта атқаратын жұмыстарымен бөлісті. Еліміздегі медреселер мен имамдардың білімін жетілдіру Ислам Институтының жүйелі жұмыс істеуіне жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқанын жеткізді.
Бас мүфти түрік бауырларымыздың сауапты істеріне алғысын білдіре келе, ел игілігі жолында жұмыла қызмет етіп, дін саласындағы ізгі істер жалғаса береріне сенім білдірді. «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Исламдық білім беру жүйесін дамыту бағытында үздіксіз жұмыс жасап келеді. Қоғамдық маңызды фактор ретінде діни білім беру жүйесін үнемі жетілдіріп келеміз. Жақында сауат ашу курсынан бастап жоғарғы діни білім беруге дейінгі сатыны қамтыйтын тұжырымдама қабылданғанын жақсы білесіздер. Мақсат қоғамға дұрыс діни білім бере алатын кадрларды дайындау. Осы мақсатта бірлесе жұмыс жасауға шақырамын», – деді Ержан қажы Малғажыұлы.
ҚМДБ баспасөз қызметі
muftyat.kz
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
15.03.2016
4582
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру