Елімізде тұңғыш рет қолға алынған имамдардың білімін жетілдіру жоба аясында 10 күн бойы семинарға қатысып, білімдерін шыңдаған мешіт қызметкерлері Бас мүфти қолынан сертификат алды.
Алматы қаласы, Алатау ауданы «Алматы-2» қайрымдылық мекемесінде жатып, білімдерін шыңдаған Алматы қаласы мен Алматы облысынан келген наиб имамдар ақида, фиқһ, Құран және қазіргі таңдағы діни мәселелер тақырыбында білімдерін жетілдірді.
Діни басқарманың Республикалық имамдар форумында қабылданған «Имамның тұлғалық келбеті» тәлімінде: «Имамдар көпшілікпен араласқан соң көптеген сұрақтарға тап болады. Оған дер кезінде жауап беру үшін білім керек. Сондықтан білім алу аса маңызды. Себебі, білімсіз пәтуа беру өте қауіпті, соңы құрдымға алып барады. Хадисте: «Кім ілімсіз пәтуә берсе, оған Алланың, періштелердің және бүкіл адамның лағынеті болады», – деп ескертілген», - делінген.
Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы өз сөзінде дін қызметкерлерінің білімді де, білікті болуы заман талабы болғандықтан осындай семинарлар мен басқосулар ұйымдастырудың маңызды екенін жеткізді.
Айта кетейік, Алатау ауданы «Алматы-2» қайрымдылық мекемесі 1 – наурыз күні ашылған болатын. Алматы қаласы және облыс өңірінен 25 найб имамдарға ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуә бөлімінің орынбасары Сансызбай Шоқанов, ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуә бөлімінің бас маманы Бауыржан Әлиұлы, ҚМДБ-ның Шариғат және пәтуә бөлімінің маманы Бауыржан Абдуалиев, Нұр-Мүбарак университетінің ұстазы Ризабек Батталұлы, Нұр-Мүбарак университетінің докторанты Оралхан Сейдманов, исламтанушы Қуат Қабдолда және дінтанушы Жасұлан Қуанышбеков сынды дін мамандарыны дәріс берді.








ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.03.2016
4443
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру