Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Республикалық және жергілікті ақпараттық-насихат тобының жұмыстары жыл сайын жанданып, жоғары көрсеткіштерге ие болуда. Бұл туралы Астанада өткен «Ислам және зайырлы қоғам» атты конференцияда ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, Ғұламалар Кеңесінің хатшысы, PhD Ершат Ағыбайұлы Оңғаров мәлімдеді.
Ағымдағы жылы РАНТ мен ЖАНТ жұмыстарының жалпы көрсеткішіне сәйкес, 41 517 кездесу өткізілген. Бұл кездесулерге 1 648 163 адам қатысты. Оның ішінде түзеу мекемелерінде қатысқан адам саны – 40 646, оқу орындарындағы көрсеткіш – 250 074 адам, мемлекеттік және түрлі мекемелердегі кездесулерге қатысқан адам саны – 183 471, тұрғындар мен мешіт жамағатының саны – 1 155 846.
Е.Ағыбайұлының мәлімдеуінше, өткен жылы 802 тұлға жат ағымдардың жетегінен дәстүрлі дінге қайтқан.






ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
02.03.2016
4384
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру