Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ: Алматы журналистерінің басын қосқан шара

29.02.2016 4343 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Баспасөз бөлімінің ұйымдастыруымен бұқаралық ақпарат құралдарында асыл дінімізді тұрақты насихаттап жүрген журналистер Алматы іргесіндегі «Ақбұлақ» тау-шаңғы кешенінде басқосып, шаңғы тепті.

Салауатты өмір салты насихатталған шараға «31» телеарнасының тілші-редакторы Жарас Ниязбек, Манас Қайыртайұлы, «Қазақстан» ұлттық телеарнасының атқарушы продюсері Дәурен Дариябек, «todey.kz» ақпараттық порталының тілшісі Айдос Тұрсынбекұлы, «Евразия» арнасының тілшісі Ұлан Тәліпбай, «Жас қазақ» газетінің жауапты хатшысы Елдос Өмірзақ, «Асыл арна» телеарнасының тілшісі Нұрболат Қуанышбекұлы т.б. қатысты.

Игілікті іс-шарада ҚМДБ Баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы ізгіліктің жаршысына айналған тілшілер мен тәжірибелі журналистерге Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының атынан алғыс білдірді. Сондай-ақ, Алматы орталық мешітінің бас имамы Нұрбек Есмағанбет асыл дініміз Ислам жайында уағыз-насихат айтып, ізгілікті насихаттап жүрген қаламгерлерге игі тілегін жеткізді.

Айта кетсек, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Қажылық Миссиясының құрамында журналистер тобын құрып, жыл сайын танымал телеарналар мен порталдарың тілшілерін қажылыққа апаруда.

ҚМДБ баспасөз қызметі
muftyat.kz


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру