Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Наиб мүфти: конференцияның тақырыбы – тың, мазмұны – маңызды (ФОТО)

26.02.2016 4152 0 пікір

Астанада «Бейбітшілік және келісім» сарайында өткен «Ислам және зайырлы қоғам» атты республикалық конференцияның №2 секциясына (тақырыбы: «Ислам және тарих тағылымы») жетекшілік еткен наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осылай деді.

«Бүгінгі конференциямыздың көтергені идеясы тың, мәні мен мазмұны айрықша. Өйткені, зиялы орта мен мұсылман жамағаты арасындағы үйлесімділікті орнықтыру – барша саланың тұлғаларына жүктелген міндет. Сондықтан Бас мүфти бастаған Діни басқарманың ұйымдастыруымен өтіп жатқан конференция көпшілік үшін пайдалы болады деп сенемін», – дейді найб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетейік, конференцияның «Ислам және тарих тағылымы» деп аталын екінші секциясында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Болат Ешмұхамбетұлы КӨМЕКОВ (баяндама тақырыбы: «Ислам тарихнамасының мәліметтері бойынша дала өркениетінің көрінісі»), Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Дінтану кафедрасының меңгерушісі, профессор, тарих ғылымдарының докторы Әшірбек Құрбанұлы МУМИНОВ (баяндама тақырыбы: «Әбу Ханифа мәзһабы және дәстүрлі мұсылман қоғамы»), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану кафедрасы иранистика бөлімінің меңгерушісі Төралі ҚЫДЫР (баяндама тақырыбы: «Ортағасырлық түркі жазба ескерткіштерінің дәстүрлі Ислам танымын қалыптастырудағы маңызы мен ерекшелігі»), ҚР МСМ «Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығы» РММ бөлім басшысы, PhD докторанты, Мұхан Баймұратұлы ИСАХАН (баяндама тақырыбы: «Зайырлы мемлекет: теориясы мен тарихы және қазақстандық үлгісі») сынды ғалымдар баяндама жасады. 

muftyat.kz



Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру