Дін қызметкерлері салауатты өмір салтын насихаттап, демалыс күндерін ерекше атап өтті. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Алматы орталық мешітінің дін қызметкерлері Алматы іргесіндегі Ақбұлақ шатқалында саф ауамен тыныстап, табиғатты тамашалап, шаңғы тепті.
Салауатты өмір салты насихатталған шараға ҚМДБ-ның Іс басқарушысы Ербосын Орын, ҚМДБ Мешіт істерінің меңгерушісі Жәнділла Бекжігітов, ҚМДБ Ғаламтормен жұмыс бөлімінің меңгерушісі Мұрат Әбдіхалықов, ҚМДБ заңгері Сағитжан Дәулетияр, Алматы орталық мешітінің бас имамы Нұрбек Есмағанбет т.б. дін қызметкерлері қатысты.
«Демалыс күні таза ауамен тыныстап, шаңғы тепкеннің пайдасы өте зор екені белгілі. Өз өмірін осындай игі істерге арнап, денсаулығын түзеуге жұмсаған жастар салауатты да саламатты, жарқын да жасампаз еліміздің берік іргетасын қалауға өлшеусіз үлес қосары сөзсіз. Сонымен қатар, денсаулықты нығайту пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Мұхаммедтің өсиет еткен сүйікті амалдарының бірі», – деді Мешіт істерінің меңгерушісі Жәнділла Бекжігітов.
ҚМДБ баспасөз қызметі
muftyat.kz





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
23.02.2016
4624
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру