Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-насихат тобының жаңа мүшелері тұңғыш рет аттестациядан өте бастады.
«Мақсатымыз – РАНТ-ның жаңа құрамына білімі мен тәжірибесі мол мамандарды тарту және насихат тобының жұмысын жандандыру. Аттестация барысында оларға қоғамдағы өткір діни сауалдар қойылды», – деп атап өтті ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, РАНТ жетекшісі Ершат Оңғаров.
Айта кетейік, ҚМДБ Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиевтің төрағалығымен өткен аттестация жұмысына Ғұламалар Кеңесінің мүшелері, Діни басқарманың бөлім меңгерушілері қазылық етті. Комиссия шешіміне сәйкес, аттестацияға қатысақан 5 адамның үшеуі сынақтан сүрінбей өтті.









ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.02.2016
4437
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру