Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Наиб мүфти республикалық аттестацияның қорытындысын жариялады (ВИДЕО)

19.02.2016 5157 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Аттестациялау комиссиясы 2013-2016 жылдар аралығындағы республика бойынша барлық дін қызметкерлерін сараптау аттестациясынан өткізді.

ҚМДБ бөлім меңгерушілері, Орталық Аппарат қызметкерлері мен Ғұламалар Кеңесінің мүшелерінен құралған комиссия кеше еліміз бойынша соңғы сараптау емтиханын өткізіп, Елордамыздағы дін қызметкерлерінің білімін сарапқа салды. Аталмыш сынаққа Астана қаласы бойынша 50-ге жуық дін қызметкері қатысқанын кеше сайтымызда жариялаған болатынбыз.

Ал, республика бойынша бұл сынаққа барлығы 3032 дін қызметкері қатысып, өз білімдері мен біліктіліктерін байқатты. Сараптау комиссиясы мешіт имамдары мен азаншыларының, ұстаздардың білімін төмендегі тақырыптар бойынша таразылады. Дін қызметкерлерінің білімдері Құран оқу ережелері (тәжиуд), фиқһ, ақида салалары, Ислам тарихы және діни ағымдардың шығу тарихы мен олардың басты ұстанымдары, Пайғамбарлар мен сахабалардың өмір жолы, Исламдағы сенім мен құқық мәселелері, Ата Заңымыз бен еңбек Кодексі, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» жайлы сұрақтардан құралған билеттерге қайтарған жауаптары бойынша бағаланды.

ҚМДБ-ның Аттестациялау комиссиясының шешіміне сәйкес, республика бойынша сараптау аттестациясына қатысқан 3032 дін қызметкерінің 233-і сынақтан сүрінген. Ал, 156 адам жұмыстан босатылды. Айта кетейік, бұл айтылғандардың ішінде жасының ұлғаюы мен денсаулығының жарамсыздығына байланысты өз өтініші бойынша қызметтен босатылғандар да бар.


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру