Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алматыда «Дін мен тарих» жылына қатысты семинар өтті

16.02.2016 5150 0 пікір

Қазқстан Мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Алматы қаласының имамдарымен кездесті.

Алматы қаласының өкіл имамы Нұрбек қажы Әуесханұлының бастамасымен қолға алынған семинардың негізгі мақсаты Республикалық имамдар форумында бекітілген құжаттар және «ҚМДБ-ның 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы» мен «2020 жылға дейінгі діни білім беруді дамыту тұжырымдамасын» дін саласында қызмет етіп жүрген имамдарға кеңінен таныстыру.

Бас мүфти өз сөзінде «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өз қызметі аясында имам-молдалар мен жалпы дін қызметкерлері үшін 2016 жылды «Дін және тарих тағылымы»  деп жариялады» - деді.  Сонымен қатар имамдардың біліктілігін арттырып, тәжірибе алмасуға мол мүмкіндік беретін осындай семинарларды жиі өткізіп тұру керектігін алға тартты.

Өкіл имам аталмыш семинар қаламыздағы бас имамдардан бастау алған болса, алдағы уақытта наиб имамдарға да болатынын айтып өтті.

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру