Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ: Қаңтардың 27-і мен ақпанның 12-сі аралығындағы оқиғалардың ХРОНОЛОГИЯСЫ

12.02.2016 4254 0 пікір

 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯЛАР

Қаңтардың 27-і күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Ресейдің Омбы қаласында өткен «Ислам және дінаралық келісім» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысып, Орталық Азия мұсылмандарының ортақ құндылықтарын айқындайтын, біртұтас үмметтің бағдаршамы болатын арнайы тарихи құжаттың жобасын әзірлеуді ұсынды.

Қаңтардың 27-і Омбы қаласында өткен конференцияда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы: «Байқап қарасақ, кейбір мұсылман елдерінде беріліп жатқан пәтуалар мазмұны мен бағытында айырмашылықтар бар. Осы орайда мен Орталық Азияның ортақ пәтуалар базасын құру қажет деп санаймын», – деп ортақ пәтуалар базасын құру керектігін айтты.

Қаңтардың 28-і күні Ресейдің Орынбор қаласындағы халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы қатысып, баяндама жасады.

КЕЗДЕСУЛЕР

Қаңтардың 28-і Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Ресей Федерациясының Омбы облысына жасаған ресми сапары барысында Омбы қаласындағы Қазақстан Республикасы Консулдығының басшысы Елдар Қонаевпен кездесті.

Қаңтардың 28-інде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Ресей Федерациясына жасаған ресми сапары аясында Омбы облыстық «Қайыр-ықсан» мешітінің бір топ жамағатымен жүздесіп, қандастарымызға уағыз айтты.

Ақпанның 3-і күні Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбековпен кездесіп, дін мен тарих мәселесін талқылады.

Ақпанның 6-сы күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Сыр елінде іс-сапармен барды. Сапар барысында Бас мүфти аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлымен кездесіп, өңірдегі имамдардың жұмысымен танысты.

БАСТАМАЛАР

Ақпанның 5-і Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өз қызметі аясында имам-молдалар мен жалпы дін қызметкерлері үшін 2016 жылды «Дін және тарих тағылымы» деп жариялады. Бұл туралы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Астанада өткен жиналыста мәлімдеді.

Ақпанның 9-ы күні 2016 жылдың ақпан айының соңында Елордада Қазақстан мұсылманадары діни басқармасы жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАНТ) мүшелеріне арналған «Ислам және зайырлы қоғам» атты конференция өтін болып бекітілді. Айта кетсек, РАНТ 2015 жылы барлық аймақта 41 517 кездесу өткізді. Осы түсіндіру шараларына 1 648 163 адам қатысты.

Ақпанның 11-і күні 2016 жылдың наурыз айының 10-11-і аралығында Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Діни білім және ғылым бөлімінің ұымдастыруымен еліміз бойынша 9 медреседе білім алып жатқан шәкірттер арасында республикалық олимпиада өтетіні мәлімделді.

ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру