2016 жылдың наурыз айының 10-11-і аралығында Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Діни білім және ғылым бөлімінің ұымдастыруымен еліміз бойынша 9 медреседе білім алып жатқан шәкірттер арасында республикалық олимпиада өтеді.
Олимпиадының ережесі мен тәртібі туралы Астанада өткен жиналыста Діни білім және ғылым бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлына мәлімдеді. Оның айтуынша, олимпиадаға 100-ге жуық шәкірт қатысады.
Жеңімпаз иелеріне бағалы сыйлықтар, Бас мүфтидің алғыс хаты табысталып, қаржылай марапатталады.
Айта кетейік, медреселер арасындағы республикалық сайыс осымен Алматы қаласында екінші рет ұйымдастырылмақ.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
11.02.2016
4522
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру