Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

ҚМДБ: Магистранттар Малайзияда білімін жетілдіреді

08.02.2016 4217 0 пікір

ҚМДБ-ның Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің ұсынысымен Қазақ Ұлттық Аграрлық Университетінің «Тағам  қауіпсіздігі» факультетінде оқып жатқан 5 магистрант осы жылдың ақпан айынан бастап Малайзия елінің Путраджая қаласына білімі мен біліктілігін жетілдіреді.

Жас мамандар Малайзияның Путра университетінде (University Putra Malaysia UPM) білім алып, халал өнімдерін зерттеп, зерделеудің тәжірибесін үйренеді.

Осыған орай, ҚМДБ-ның «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев жас ғалымдармен  кездесіп, сәттілік тіледі.

Айта кетерлігі, «Халал өнімдерін стандарттау» бөлімі халал өнімдерге қатысты шариғи талаптар мен халал өнімді стандарттаудың бүгінгі күндегі өзекті мәселелері төңірегінде Имамдардың білімін жетілдіру ислам институтында дәріс өтіп, 500 имам сертификат алып шыққан болатын.

ҚМДБ баспасөз қызметі

muftyat.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру