Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас мүфти Астана имамдарына алғыс хат табыстады (ФОТО)

04.02.2016 5057 0 пікір

Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы қала имамдарын қабылдады. Кездесуге наиб мүфти Наурызбай Тағанұлы, Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев, ҚМДБ бөлім меңгерушілері қатысты.

Бас мүфти мүфтияттың республикалық және халықаралық деңгейдегі жұмыстары жайлы әңгіме өрбітті. Астана имамдарын бауырмалдыққа, бірлікке шақырды.

«Ең әуелі өз араларыңызда бауырмалдықты күшейтіңіздер. Жамағат сіздерден үлгі алатын болады. Ұйымшыл болыңыздар. Сонда жұмыс нәтижелі болады. Астана имамдары өзге өңірдегі дін қызметкерлеріне үлгі болуы тиіс. Өйткені, Елорда – еліміздің бас қаласы. Аллаға шүкір, біз өткен жылы жақсы жұмыс нәтижесін көрсеттік. Діни басқарманың әрбір жетістігінде сіздердің үлестеріңіз көп. Сіздерге шынайы алғысымды білдерімін», – деді Ержан қажы Малғажыұлы.

Кездесу соңында Бас мүфти 2015 жылы діни қызмет барысында белсенділігімен көпішілікке үлгі болған имамдарға алғыс хат табыстады. 

muftyat.kz


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру