Бүгін Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы мемлекет және қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Мырзатай Жолдасбековпен кездесті.
Кездесуде Бас мүфти Діни басқарманың 2015 жылда атқарған ауқымды шаралары мен игі жобалары туралы баяндай келе, 2016 жылы жүзеге асатын жұмыстар жайлы айтып берді.
Сонымен қатар, ҚМДБ төрағасы діни білім саласындағы реформалар, дін мен дәстүр жылы, имамдар форумы, форумда қабылданған құжаттар туралы сөз етті.
«2016 жылды – «Дін және тарих тағылымы» деп жарияладық. Мақсатымыз – қазақ тарихындағы Ислам дінінің рөлі, тарихи тұлғаларымыздың ерен еңбегі мен өнегелі өмірін ұрпаққа насихаттау», – деді Ержан қажы Малғажыұлы.
Қоғам қайраткері М.Жолдасбеков мүфтияттың сауапты һәм салауатты шараларына алғысын білдіре келе: «Дін мен дәстүр» идеясы – көптен бері көктен сұрап, жерден таба алмай келе жатқан мәселе еді. Бұл бастамаларыңызды қос қолдап құптаймын», – деді профессор.





ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.02.2016
4419
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру