Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Ресей Федерациясына жасаған ресми сапары барысында Омбы қаласының имамдарымен кездесті.
Қазақ дін қызметкерлерінің осыған дейінгі өтініші бойынша Діни басқарма тарапынан «Дін – насихат», «Жұма уағызы», т.б кітаптар жеткізілді. Уағыз айтудың тәртібі, бағыты көрсетілген, жалпы насихат тақырыптары мен мәтіні қамтылған оқу құралдарын Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы ресми табыстады.
Омбы облысының мүфтиі Бота хазрет Бакулен Діни басқарманың бұл қамқорлығына алғысын білдіріп, ақсақалдар батасын берді.
Айта кетейік, бүгінде Ресейдің Орынбор, Омбы, Алтай аймағындағы қазақ имамдары Алматыдағы Ислам институтында діни білімдерін жетілдіруде. Шеттегі қандастарымыз діни шапанмен қамтамасыз етіліп, оларға тұрақты оқу құралдары, діни кітаптар жеткізіліп тұрады.
ҚМДБ Баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
29.01.2016
4509
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру